Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы өсуі мүмкін

0
103

Бұл өзгеріс нарықтық ипотекаға ғана қатысты.


Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы өсуі мүмкін

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Қазақстанда ипотека бойынша бастапқы жарнаның мөлшерін ұлғайту ұсынылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаны ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр», - делінген хабарламада.

Агенттік атап өткендей, бұл бастама коммерциялық банктер беретін ипотекаға ғана қатысты. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары мен Отбасы банктің ипотекасында өзгеріс болмайды.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі маусым айында ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейтінін мәлімдеген. Алайда агенттік көп ұзамай бұл ойынан айнып, ипотеканың шекті мөлшерлемесін 2025 жылғы 1 қарашаға дейін 25% деңгейінде қалдырды. Осылайша екінші деңгейлі банктерге алдағы өзгерістерге дайындалу үшін уақыт берді.