Қазақстанда енді экономикалық қылмыс жасағандарға қара тізім жасалады

0
155

Қазақстанда экономикалық қылмыс жасаған адамдар мен компаниялардың арнайы ашық тізімі пайда болады.


Қазақстанда енді экономикалық қылмыс жасағандарға қара тізім жасалады

фото: stan.kz.

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі экономикалық қылмысқа қатысы бар адамдарға енді "масқара болғандар" тақтасын жасамақ, деп жазады stan.kz.

Қазақстанда экономикалық қылмыс жасаған адамдар мен компаниялардың арнайы ашық тізімі пайда болады. ҚМА енді сот үкімі заңды күшіне енген экономикалық қылмыскерлердің аты-жөнін арнайы реестрге жариялап отырмақ.

Тізім Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің сайтында жарияланып, әр үш ай сайын жаңарып тұрады. Оған тек сот кінәлі деп таныған адамдар мен компаниялар енгізіледі. Ал соттылығы жойылғандар немесе компаниясы жабылғандар тізімнен шығарылады.

Реестрде:

  • адамның аты-жөні;
  • туған күні;
  • қылмыстық кодекс бабы;
  • сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган;
  • қылмысқа пайдаланылған компанияның атауы мен БСН-і;
  • егер іс қаржы пирамидасына қатысты болса, жобаның атауы көрсетіледі.

ҚМА бұл тізім халық пен бизнеске экономикалық қылмыстар туралы алдын ала ескерту үшін қажет дейді. Бұған дейін Қазақстанда жемқорлардың да ашық тізімін жариялау ұсынылған еді.