Қазақстанда бедеу адамдар саны үш есе артқан

0
120

Көш басында Алматы қаласы тұр: мұнда өткен жылдың ортасына дейін «бедеулік» диагнозымен 4,2 мың пациент тіркелген.


Қазақстанда бедеу адамдар саны үш есе артқан

Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда «бедеулік» диагнозымен тіркелген азаматтар саны артқан, деп жазады ulysmedia.kz.

2019 жылы мұндай науқастардың саны шамамен 10 мың адамды құраса, 2024 жылдың ортасына қарай бұл көрсеткіш 29,2 мыңға жетті. Олардың басым бөлігі – әйелдер, ерлер саны – небары 102 адам. Finprom мәліметінше, жалпы алғанда, Қазақстан халқы арасындағы бедеуліктің таралуы жаһандық көрсеткіштермен шамалас: бала көтеру мәселесі 16–17% жұпта кездеседі. Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда 140 мыңнан астам жұп экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) әдістерімен емделген. Нәтижесінде 39 мың бала дүниеге келген.

“АҢСАҒАН СӘБИ”

Пациенттер санының өсуі «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуымен байланысты. Бұл бағдарлама экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) үшін шамамен 7 мың квота ұсынады. Заңға сәйкес, осы қымбат процедураны бюджет есебінен алу үшін әйелдер мен ерлер бедеулік диагнозын растап, есепке тұруы қажет.

АЙМАҚТАР

Халық саны көп мегаполистер мен облыстарда диагноз қойылып, есепке алынғандар саны көбірек. Бұл – сол өңірлерде диагностикадан өткендер санының да жоғары екенін көрсетеді. Көш басында Алматы қаласы тұр: мұнда өткен жылдың ортасына дейін «бедеулік» диагнозымен 4,2 мың пациент тіркелген. Екінші орында – Астана (2,6 мың адам), үшінші орында – Жамбыл облысы, онда осындай репродуктивті мәселелері бар 2,5 мың қазақстандық есепте тұр.