Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 28%-ға артты

0
87

Есепті кезеңде елімізге 105,2 млн литрден астам өнім жеткізілді.


Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 28%-ға артты

фото: СC0 / rawpixel /

ERNUR.KZ. Қазақстанда үш ай ішінде алкогольсіз сусындар өндірісі 28% артты, деп жазады sputnik.kz.
Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 1,1 млрд литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға жоғары.
"Аталған кезеңде өнім экспорты 15,8%-ға төмендеп, шетелге 77,6 млн литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар осы өнім түрі бойынша импорт көлемі 34,2%-ға өсті. Есепті кезеңде елімізге 105,2 млн литрден астам өнім жеткізілді. Импорттық сусындардың үлесі 9,5%-ды құрады.
Осы кезеңде ішкі нарықтағы сату көлемі 1 млрд литрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,9%-ға артты.
Жалпы Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.