Қазақстанда алқабилер сотталғандардың жазасын қысқарту мүмкіндігіне ие болмақ

0
89

Жаңа бастама қабылданған жағдайда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты мерзімінен бұрын босату мәселелері қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық түрде қаралады.


Қазақстанда алқабилер сотталғандардың жазасын қысқарту мүмкіндігіне ие болмақ

Фото: Chris Ryan/iStock.com

ERNUR.KZ. Мәжілісте Қазақстанда алқабилерді сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдету мәселелерін қарау туралы талқыланды, деп жазады stan.kz.

Мәжіліс депутаттары әзірлеген "Қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес қазылар алқасына мынадай өкілеттіктер беру қарастырылып отыр:

• жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату;
• өтелмеген жаза бөлігін жеңілірек жаза түріне ауыстыру;
• тағайындалған жаза мерзімін қысқарту.

Депутаттардың айтуынша, қазір мұндай істер қоғамның қатысуынсыз, тек судья мен шектеулі тараптардың қатысуымен қаралады. Ал прокурор тек хабарландыру тәртібімен қатысады.

"Қоғам бұл процеске қатыспайды. Сол себепті қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) және өтелмеген жаза бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру (ЖЖА) мәселелерін қазылар алқасы қарайтын соттарға беру ұсынылады", – делінген заң жобасында.

Жаңа бастама қабылданған жағдайда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты мерзімінен бұрын босату мәселелері қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық түрде қаралады.