Қазақстанда алғашқы гидрометаллургиялық комбинат салынып жатыр

0
92

Ол жылына 300 мың тоннаға дейін құрамында алтын бар концентрат өңдейді.


Қазақстанда алғашқы гидрометаллургиялық комбинат салынып жатыр

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстанда халықаралық банктің қолдауымен алғашқы гидрометаллургиялық комбинаттың құрылысы басталды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық алтын өндіруші Solidcore Resources plc компаниясы халықаралық KfW IPEX-Bank банкінің қолдауымен "Ертіс" гидрометаллургиялық комбинатын салып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Комбинат жылына 300 мың тоннаға дейін құрамында алтын бар концентрат өңдеп, 500 мың унцияға дейін доре құймасын өндіреді, бұл жартылай фабрикат кейіннен тазартылып, таза алтынға айналдырылады.