Қазақстанда AI+X моделі бойынша жұмыс істейтін Qazaq AI Research University іске қосылады

0
121

Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді.


Қазақстанда AI+X моделі бойынша жұмыс істейтін Qazaq AI Research University іске қосылады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда AI-Enabled University ерекше мәртебесі бар мамандандырылған зерттеу ЖОО құрылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

«Qazaq AI Research University AI-Enabled University ерекше мәртебесі берілген жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған зерттеу университеті. Университет AI+X моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл модель әртүрлі кәсіби бағыттар бойынша мамандар даярлауды көздейді. Жасанды интеллект әр мамандық бойынша оқытудың бір бөлігі болады. Студенттер AI технологияларын үйренеді. Оларды нақты кәсіби салада қолдануды да меңгереді», – деді жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында.

Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері және Финляндияның жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ халықаралық AI-оқыту платформасын құру жоспарлануда.