Үкіметтің тиісті қаулысы күшіне енді.
Фото: canva.com
ERNUR.KZ. Еліміздегі алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжаттан белгілі болды. Қаулы 30 желтоқсанда қабылданған.
"Алматы облысының Жамбыл ауданы – "Атом электр станциясы"ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын", – делінген қаулыда.
Қаулы бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
