Қазақстанда адамның ұлтын анықтау тәртібі реттеледі

0
133

Жақында Астана қаласының соты көші-қон қызметінің шешіміне арызданған әйелге өз ұлтын ауыстыруға рұқсат берген болатын.


Қазақстанда адамның ұлтын анықтау тәртібі реттеледі

фото: Болат Шайхинов

ERNUR.KZ. Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова парламент палаталарының бірлескен отырысында заңнамалық тұрғыда реттелуге тиіс мәселелердің ішінде адамның ұлтын анықтауға қатысты өзгеріс бар екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Баланың ұлтын анықтауға және көрсетуге, бала асырап алу институтын жетілдіруге және алименттік міндеттемелерді орындауға қатысты құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, Қылмыстық-процестік, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстерге және олармен байланысты баcқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу керек", - деді Азимова.
Айта кетері, жақында Астана қаласының соты көші-қон қызметінің шешіміне арызданған әйелге өз ұлтын ауыстыруға рұқсат берген болатын. Сол кезде Конституциялық сот та өз сараптамасын берген.