Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды

0
90

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуде.


Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды

ERNUR.KZ. Егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 4,6 млн гектар дәнді дақылдар жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 28,5%-ын құрады. Бастырылған астық көлемі 6,5 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 131 мың тонна майлы дақылдар, 778,1 мың тонна картоп (өнімділігі 238,6 ц/га), 2 млн тоннадан астам көкөніс (өнімділігі 290,3 ц/га), 2,1 млн тонна бақша дақылдарын (өнімділігі 274,7 ц/га) жинады.

Сонымен қатар 347,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі 370,2 ц/га), 418 мың тонна пияз (өнімділігі 396,5 ц/га), 129,3 мың тонна сәбіз (өнімділігі 311,3 ц/га) жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуде.