Қазақстан үстінен ұшқан швейцариялық ұшақ дабыл сигналын берді

0
122

Төтенше жағдайдың себебі әзірге хабарланған жоқ.


Қазақстан үстінен ұшқан швейцариялық ұшақ дабыл сигналын берді

Фото: aviationsourcenews.com

ERNUR.KZ. Швейцарияның Swiss әуекомпаниясына тиесілі Airbus A350 ұшағы Қазақстан үстінен ұшып бара жатқанда төтенше жағдай туралы сигнал берді, деп жазады inbusiness.kz.

Әуе кемесі 6 мамырда таңертең Сеулден Цюрихке бағыт алған. Шамамен 11 600 метр биіктікте экипаж борттан дабыл жіберген. Бұл ақпаратты Flightradar24 рейстерді бақылау сервисі де растап отыр.

Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ұшақ бағытын өзгертіп, Алматыға қарай бет алған.

Tages-Anzeiger басылымының мәліметінше, борт Алматы әуежайына еуропалық уақыт бойынша 9:48-де қонған. Қону сәтінен кейін ұшақ ұшу-қону жолағынан арнайы тұрақ аймағына жеткізілген.