Қазақстан үкіметі еGov-тан бас тартпайды – министр

0
121

​Мәдиев портал жабылады деген қауесетті жоққа шығарды.


Қазақстан үкіметі еGov-тан бас тартпайды – министр

Фото: kapital.kz

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан үкіметі еGov.kz электронды порталынан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жақында кейбір БАҚ-та Қазақстан еGov.kz порталынан бас тартатынын туралы ақпарат тараған. Алайда бүгін цифрлық даму министрі мұны ресми түрде жоққа шығарды.

«Мен мұны растамаймын, бұл жалған ақпарат. еGov – қазақстандықтарға мыңнан астам қызметті ыңғайлы тәртіпте алуға мүмкіндік беретін танымал құрал. Сіздер білетіндей, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі, сол себепті біз азаматтар үшін еGov-тың қолжетімсіз болуына жол бере алмаймыз. Бұл мемлекеттік қызмет алу үшін аса маңызды құрал», - деді Мәдиев Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.