Қазақстан UEFA рейтингінде бұрынғы орнын сақтап қалды

0
101

Рейтинг бойынша Англия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Италия, Испания, Германия, Франция, Нидерланд, Португалия, Бельгия, Түркия, Чехия келеді.


Қазақстан UEFA рейтингінде бұрынғы орнын сақтап қалды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

ERNUR.KZ. Қазақстан Чемпиондар лигасы жетінші турынан кейін UEFA коэффициенттер рейтингінде бұрынғысынша 37-орнын сақтап қалды, деп жазады inform.kz.

Коэффициент төмендегіше нәтижені білдіреді. Оған ағымдағы маусымның орташа мәні (жинаған ұпай жалпы саны еуромаусымға қатысып жатқан қауымдастық клубтарының санына бөлінеді) және алдыңғы төрт маусымның нәтижесі ескеріледі. Коэффициенттер тең болған жағдайда өткен маусымдағы жоғары коэффициентпен байланыс назарға алынады.

Рейтинг бойынша Англия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Италия, Испания, Германия, Франция, Нидерланд, Португалия, Бельгия, Түркия, Чехия келеді.
Сондай-ақ Финляндия 35, Косово 36, Босния және Герцоговина 38, Лавтвия 39 орынға жайғасқан.
Айта кетсек, қазір алматылық «Қайрат» командасы сынға түсіп жатыр. Жеті турдан кейін олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесіне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Ал қазақстандық «Ордабасы», «Ақтөбе», «Астана» клубтары Еуропа лигасы және Конференция лигасы турнирлерінде жарысты ерте аяқтады.