Қазақстан мен Түркия теңізге қатысты келісімге қол қояды

0
94

Порттар мен кемелерді салу және жаңғырту, мультимодальдық тасымалдауды дамыту бойынша ынтымақтастық күтіліп отыр.


Қазақстан мен Түркия теңізге қатысты келісімге қол қояды

© Sputnik / Ксения Воронина

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түркия теңіз келісіміне қол қоюға дайындалып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстанның көлік министрлігі құжаттың жобасын дайындады.
Келісім мақсаты - теңіз саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыру, теңізшілердің дипломдарын өзара тану, порт және кеме жасау саласын дамыту.
Оның ішінде порттар мен кемелерді салу және жаңғырту, мультимодальдық тасымалдауды дамыту бойынша ынтымақтастық көзделіп отыр.
Келісім порттағы қолжетімділік пен кеме жасаудан бастап кадрлар даярлау мен экологиялық қауіпсіздікке дейінгі мәселелерді кеңінен қамтиды, деп хабарлады министрліктегілер.