Қазақстан мен Түркия коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

0
157

Басқосу барысында бірлескен жобалар мен бастамаларда ынтымақтастықты жандандыру, үздік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ тренингтер өткізу жайлы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Қазақстан мен Түркия коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында 29 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметі Түркия Республикасының Президентінің Коммуникациялар дирекциясымен Медиа және ақпарат саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар ОКҚ директоры Асқар Омаров коммуникациялар дирекциясының басшысы, профессор Бурханеттин Дуранмен екіжақты кездесу өткізді.

Басқосу барысында бірлескен жобалар мен бастамаларда ынтымақтастықты жандандыру, үздік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ тренингтер өткізу жайлы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Дирекцияның функционалы ОКҚ қызметімен іспеттес-құрылым барлық мемлекеттік органдардың коммуникациялық күш-жігерін үйлестіреді және мемлекеттің қоғаммен тиімді байланысын қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастықты нығайту екі ел игілігіне іске асырылатын үлкен бірлескен жобалар үшін тиімді негіз болады.