Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

0
97


Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

ERNUR.KZ. 2026 жылдың мамыр айында қазақстандықтар Құрбан айтты атап өтеді. Бұл күн қосымша демалыс күні болады, деп жазады Zakon.kz.


2026 жылы Құрбан айт 27 мамырға – сәрсенбі күніне түсіп отыр, деп жазады Almaty.TV.

"Осылайша, қазақстандықтарды бұл айда қосымша демалыс күні күтеді", – делінген жарияланымда.

Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы "Құрбандық шалу мейрамы" деген мағынаны білдіреді. Бұл күні мұсылмандар қой, сиыр, қошқар немесе түйе секілді малдардың бірін құрбандыққа шалады.

Құрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар үшін ең маңызды күн болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Сондай-ақ дәл осы күні жамағат бір-бірін құттықтап, дастархан басына шақыруға асығады.