Қазақстан қатерлі ісіктің емін іздеп, Түркияға барған ер адам мен бір баланы шұғыл елге әкелді (ВИДЕО)

0
102

Екеуі де ауыр хәлде жатыр.


Қазақстан қатерлі ісіктің емін іздеп, Түркияға барған ер адам мен бір баланы шұғыл елге әкелді (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бірнеше күн бұрын Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 60 жастағы ер адам мен 6 жасар баланы санитарлы авиацияның көмегімен Түркиядан елге әкелді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі екі науқасты да бір рейспен әкелген. Науқастарды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық ұшағы тасымалдаған.

«Біреуі – 1966 жылы туған, өкпесінде қатерлі ісігі бар. Тыныс алуы қиын. Алания қаласында жатқан. Екінші науқас - 2019 жылы туған бала, миының қатерлі ісігі бар, Ол Стамбул қаласында жатқан, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік екі науқастың да жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Дегенме, оларды елге аман-есен жеткізу үшін Баймышев Дәурен, Исмағұлова Райхан, сондай-ақ фельдшерлер Тоқтыбаев Асылбек пен Құндақбаев Ерулан және әуе кемесінің экипажы тер төккен.