​Қазақстан Ирандағы қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты

0
695

Иранның Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесуде Қазақстан тарапы оқиғаға ерекше алаңдаушылық білдірген жеткізді.


​Қазақстан Ирандағы қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты

Фото: Сенат

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, трагедиядан зардап шеккен Иран халқы мен олардың туыстарына Қазақстан атынан көңіл айтып, қолдау білдірді, деп жазады inform.kz.

Иранның Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесуде Қазақстан тарапы оқиғаға ерекше алаңдаушылық білдірген жеткізді.

Қайғылы оқиға салдарынан Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи, ел басшылығының өкілдері және бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар қаза тапқан.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентінің халықаралық дауларды тек саяси және дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Құрылтайын қатаң сақтауды басты ұстаным деп санайтынын атап өтті.

Сенат төрағасы Иранның Қазақстанның жақын көршісі әрі сенімді серіктесі екенін жеткізіп, еліміздің жанжалды бейбіт жолмен шешуге өз үлесін қосуға дайын екенін растады.

Еске салсақ, 28 ақпанда Израиль Иранға қарсы ауқымды шабуыл жасады.
Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялады. Жауап ретінде Тегеран Таяу Шығыстағы және Израиль аумағындағы америкалық базаларға шабуыл жасады.
Шабуыл салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаны белгілі болды — оның резиденциясына 30 бомба тасталған.
Иран дереккөздерінің мәліметінше, соққылар салдарынан елде 200-ден астам адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланған. Шабуылдар Иранның 14 провинциясын қамтыды.
Бұған дейін Иран президентінің достас және көршілес елдерге үндеу жасағанын хабарлаған едік.