Сонымен қатар, туыстары Екатеринаның өзінен келген күмәнді хабарлама алған.
Сурет: wikimedia
ERNUR.KZ. Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшавада Астанаға ұшар алдында жоғалып кетті, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы оның әпкесі Facebook-та іздеу туралы хабарламасын жариялап, айтып берді.
"Менің әпкем жоғалып кетті. Шилова Екатерина Анатольевна, 1982 жылы туған. 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 23:00-де Варшавадан Астанаға ұшуы керек еді. Бірақ ол ұшаққа отырмады. Жұмыс бабымен жүрген, қолында ақшасы бар болатын", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, туыстары Екатеринаның өзінен келген күмәнді хабарламаны алған:
"Сәлем. Мен Варшавадан ұшпағанмын. Маған Германияда жақсы жұмыс ұсынылды, онда бірнеше жылдан бері менің досым жұмыс істейді, билеттің ақшасы қайтарылды. Бос уақытымда жазамын".
Алайда әпкесі бұл хабарламаны Екатерина жазбағанына сенімді екенін айтты:
"Сенімдімін, бұл хабарламаны ол жазған жоқ. Кімде-кім бірдеңе көрсе немесе білсе, хабарласуды сұраймын", – деп жүгінді Александра.

Сурет: Facebook/Александра Гидион
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Шилова Екатеринаның жағдайы туралы хабардар екендерін айтты.
"Варшавадағы консулдық бөлім елдегі уәкілетті органдарға ресми нота жолдады. Варшава полициясының басты басқармасы ақпаратты алғанын растады, іс іздестіру департаментіне берілді. Барлық қажетті консулдық көмек көрсетілуде. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", – деп мәлімдеді ведомство.


