Дубайдағы Қазақстанның Бас консулдығы өз құзыреті аясында қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
фото:Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Дубай соты Қазақстан азаматын өмір бойын бас бостандығынан айыруға шешім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 22 жастағы Ернұр Алмахан бірнеше ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Дубайдың бірінші сатыдағы соты оған ірі мөлшерде айыппұл да салды.
"Ол апелляциялық шағым түсірді. Сондықтан үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан елшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдарына ресми хат жіберді. Дубайдағы Қазақстанның Бас консулдығы өз құзыреті аясында қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Министрлік бұл мәселе ерекше бақылауға алды.
Айта кетері, бұған дейін Ернұрдың анасы баспасөз мәслихатын өткізіп, ұлына жала жабылғанын мәлімдеді. Ол Ернұрдың қандай қылмыс үшін сотталғанын білмей отыр. Бірақ 300 млн теңгенің айыппұлын төлеу қажеттігін естігенде есеңгіреп қалды.
Апелляциялық соттың отырысы 27 сәуірде өтеді.


