Бұған дейін 15 пойыз вагоны Әзербайжанды кесіп өткен болатын.
© Photo : Сайт правительства Армении
ERNUR.KZ. Армения үкіметі қазақстандық бидай тиелген пойыздың келгенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
1000 тоннаға жуық жүк Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Грузия арқылы өтті.
"Арменияға бидай жеткізу Әзербайжанның жүк тасымалдаудағы шектеулерді алып тастауының арқасында мүмкін болды. Бұл аймақтық коммуникацияларды қалпына келтіруді жеңілдетеді және Вашингтонда қол жеткізілген келісімдер аясында экономикалық ынтымақтастықты ынталандырады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Арменияға Ресей бидайы да Әзербайжан мен Грузия аумағы арқылы теміржолмен әкелінетін. Қазақ азық-түлік корпорациясы бұған дейін атап өткендей, Ереван бағытында жүк транзитіне қойылған барлық шектеулердің алынып тасталғаны екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің 2025 жылғы 21 қазанда Астанада өткен кездесуінде жарияланған болатын.


