Қазақстан әскерінде жасанды интеллекті бар камералар орнатылуда

0
120

Бұған дейін жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектер келісім-шарт бойынша әскерге шақырылатыны хабарланған болатын.


Қазақстан әскерінде жасанды интеллекті бар камералар орнатылуда

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Асқар Мұстабеков 2026 жылғы 29 қаңтарда Сенаттағы брифингте әскер бөлімдеріндегі бейнекамералармен жабдықталу деңгейін баяндап, осы саладағы жаңалықтар туралы мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Мұстабековтің айтуынша, қазіргі таңда барлық бөлімдерде бейнебақылау жүйесі енгізілуде.

"Қазір 15 мыңнан астам камера орнатылды, бірақ мерттік аймақтарды болдырмау үшін қосымша камералар қажет. Сонымен қатар пилоттық жобаның аясында кей бөлімдерге жасанды интеллект элементтері бар камералар орнатылуда. Олар әртүрлі бұзушылықтарды анықтап, кезекшілерге хабарлай алады", – деді Мұстабеков.Вице-министр соңғы оқиғаларға қатысты бейнежазбаларды ата-аналарға көрсеткендерін де атап өтті:
"Соңғы трагиялық жағдайлар бойынша ата-аналар сол жерде болды, біз оларға жазбаларды көрсеттік, ештеңені жасырған жоқпыз", – деді Мұстабеков.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектер келісім-шарт бойынша әскерге шақырылатыны хабарланған болатын.