Алтын қорын азайтқан елдер қатарында Өзбекстан мен Ресей бар.
ERNUR.KZ. BestBrokers порталының дерегінше, Қазақстан биыл алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді. Зерттеу авторлары жыл басынан бері ұлттық банктердің сатып алған алтын мөлшерін салыстырған, деп жазады BAQ.KZ.
- Бірінші орында – Польша (67,1 тонна),
- екінші – Қазақстан (32,4 тонна),
- үшінші – Қытай (22,7 тонна).
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Түркия, Чехия, Камбоджа, Гана, Қатар, Үндістан және Сербия кірді.
Алтын қорын азайтқан елдер қатарында Өзбекстан мен Ресей бар.
Әлемдегі жалпы алтын қоры жөнінен АҚШ көш бастап тұр, одан кейін Германия мен Франция орналасқан.


