17 жастағы жігіт 3 мамыр күні суға ағып кеткен еді.
Фото: Атырау облысының ТЖД
ERNUR.KZ. Атырау облысының құтқарушылары 3 мамыр күні Жайыққа ағып кеткен жас баланың денесін тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Айта кетейік, оқыс оқиға 3 мамыр күні болған. Қайыққа мініп балық аулауға шыққан ол сол қайығымен Жайық өзенінің арғы бетіне жетпек болған. Алайда жолда қайықтан құлап кетіп, су астына кеткен.
«Оның денесін 3-мамырдан бері іздедік. Ағын қатты болды, судың асты лай, оның үстіне, су астындағы әртүрлі заттар іздеуге кедергі келтірді. Дегенмен, құтқарушылар күн-түн демей баланың денесін 11 мамыр күні тауып алды», - деп хабарлайды аймақтық ТЖД.