Қайық аударылған: Зайсанда суға батқан екі балықшының мәйіті табылды

0
115

Біреуі аман қалып, екеуі суға батқан.


Қайық аударылған: Зайсанда суға батқан екі балықшының мәйіті табылды

фото: Dmitry A. Mottl./wikipedia.org.

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жоғалған екі балықшының мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінен сүңгуірлер бірінші 1995 жылы туған ер адамның денесін тапты.
"Араға уақыт салып, 1968 жылы туылған екінші суға батқан адам табылды. Сүңгуірлерге судың тереңдігі, су асты бедері мен кей жердің лай болуы көп кедергі келтірді. Соған қарамастан екі балықшының да мәйіті табылды", - дейді құтқарушылар.
Еске сала кетейік, үш балықшы қайықпен балық аулауға шыққан. Қатты жел қайықты аударып кеткен.
Біреуі аман қалып, екеуі суға батқан.