Әлеуметтік желілерде “Қайрат” футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған сәттің видеосы кеңінен тарауда.
Фото: Әлеуметтік желіден алдынды
ERNUR.KZ. “Қайрат” футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза қажылыққа жолдама сыйға тартты, деп жазады stan.kz.
Әлеуметтік желілерде “Қайрат” футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған сәттің видеосы кеңінен тарауда.
Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы тойлардың бірінде Шерхан Қалмұрза мен анасы қонақ ретінде қатысқан. Сол кеш барысында жас спортшыға қасиетті Меккеге Умра қажылығына арналған арнайы сертификат табысталды.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрзаға бұған дейін де жеке кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed маркалы автокөлік сыйға тартқан болатын. Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды қақпашыға білім грантын табыстаған еді.
Еске сала кетейік, ішкі чемпионатта қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алған соң оның орнына “Қайраттың” үшінші қақпашысы Шерхан Қалмұрза алаңға шықты. Ол Чемпиондар лигасында Еуропаның мықты командалары — “Спортинг” пен “Реалға” қарсы ойында қақпаны қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болды.