Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы элиталық қонақүйі мемлекет меншігіне өтті

0
112

Мүлікті беру Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығы негізінде жасалған сыйлыққа беру келісімшарты бойынша рәсімделген.


Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы элиталық қонақүйі мемлекет меншігіне өтті

Фото :Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Қайрат Сатыбалды Алматыдағы Есентай өзені жағалауында орналасқан қонақүй ғимаратын мемлекетке сыйлады. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, мүлікті беру Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығы негізінде жасалған сыйлыққа беру келісімшарты бойынша рәсімделген.

Департамент деректері бойынша, 2023 жылғы 1 тамызда Қайрат Сатыбалды мен департамент арасында сыйға беру келісімшарты жасалған. Осы келісімшарт бойынша мемлекетке Бостандық ауданының Көктем-3 ықшамауданында орналасқан, көлемі 9 461,6 шаршы метр жылжымайтын мүлік объектісі берілген.

"2023 жылғы қыркүйекте қонақүй ғимараты ресми түрде республикалық меншікте тіркеліп, Алматыдағы сот әкімшілігі департаментінің балансына берілген", - делінген ведомство хабарламасында.

Фото: Али Ахмат/2GIS/2021 жыл