Қағып, қашып кетті: полиция 12 жастағы қыздың жақ сүйегін сындырған курьерді іздеп жатыр

0
195

Қазіргі уақытта оқиға болған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны белгілі болды.


Қағып, қашып кетті: полиция 12 жастағы қыздың жақ сүйегін сындырған курьерді іздеп жатыр

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жоғары жылдамдықпен келе жатқан велосипед мінген курьер 12 жастағы қызды қағып кетті. Салдарынан оқушының бет сүйегі мен үстіңгі жақ сүйегі сынған, деп жазады zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Зардап шеккен қыздың анасы кінәлінің әлі бостандықта жүргенін айтты.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп сақшылары курьерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Велосипед мінген курьер мен кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған оқиғаға байланысты полиция курьердің жеке басын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға болған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны белгілі болды.
"Құқық бұзушының жеке басы анықталғаннан кейін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", – делінген ведомство хабарламасында.

2026 жылғы 30 шілдеде Алматыда электрлі самокаттарды тұраққа қоюдың жаңа ережелері енгізілетіні хабарланған еді. Бұл өзгерістің жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларына қаншалықты әсер ететінін уақыт көрсетеді.