IFCO 2025 - сән және киім өндірісі саласындағы ең беделді және ықпалды көрмелердің бірі саналады.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 20-22 тамыз аралығында Ыстамбұл қаласындағы Istanbul Expo Center орталығында сән мен шығармашылықты тоғыстыратын ең ірі халықаралық Istanbul Fashion Connection (IFCO) 2025 көрмесінің төртінші маусымы өтпек.
IFCO 2025 - сән және киім өндірісі саласындағы ең беделді және ықпалды көрмелердің бірі саналады. 35 000 шаршы метрді қамтитын көрме алаңы, 8 заманауи көрме залы және алдыңғы маусымда қатысқан 513 бренд бұл шараның ауқымын одан әрі жандандыра түспек.
Биылғы көрменің ұраны - “Where Fashion Connects” яғни “Сәндер тоғысқан аймақ”. Мұндағы қатысушыларға сән әлеміндегі соңғы трендтермен танысуға, іскерлік кездесулер өткізуге, халықаралық әріптестік орнатуға және мәдени тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік ұсынылады.
Көрме келесі бағыттарды қамтиды:
Әйелдер, ерлер және балалар киімі;
Спорттық, джинсы және үйге арналған киімдер;
Аксессуарлар, аяқ киімдер және былғары өнімдер;
Мата, текстиль дизайны және жеткізу қызметтері;
Аталмыш көрмеге еліміздегі беделді сән үйлері мен танымал дизайнерлер жыл сайын қатысып, тиімді келіссөздер жүргізіп жүр. Халықаралық көрмелерге қатысу - еліміздегі сән және тігін индустриясының өркендеуіне ықпал етеді деген сенімдеміз.
Өйткені IFCO 2025 – бұл сән әлемінің шекарасын кеңейтіп, жаңа нарықтар мен серіктестіктерге жол ашатын бірегей алаң. Сондай-ақ тек сауда емес, мәдениет пен шығармашылықты байланыстыратын орта.