27 ақпанда, Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ираннан кетуге кеңес берген болатын.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты, сол елде жүрген қазақстандықтардан елден құрлықтағы шекаралар арқылы шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысу сұралды, деп жазады tengrinews.kz.
Осыған байланысты отандастарымыздан мынадай ұсынымдарды қатаң сақтау сұралды:
- адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
- жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
- қажетсіз сапарларды шектеу;
- жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;
- туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.
Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы Елшілігі:
Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933
Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (WhatsApp).
Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).
Бұл байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.
"Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", - деп үндеу жасады елшілік өкілдері.
Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығу сұралды.
Әңгіме төрт бағыт туралы болып отыр: Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Иран аумағында 96 қазақстандық жүр. Олардың 18-і - дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-еуі - студент, 70 адам - "Заркух" зауытының қызметкерлері. Тағы 6 Қазақстан азаматы Иранда жеке шаруаларымен жүр. Олардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
27 ақпанда, Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ираннан кетуге кеңес берген болатын.


