Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
ERNUR.KZ. Газа секторындағы қақтығыс аймағынан алты Қазақстан азаматы эвакуацияланды, деп жазады Stan.kz.
Сыртқы істер министрілігің мәліметінше, Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, сол жерден Қазақстанға оралған.
“Қазақстанның Амман және Тель-Авив қалаларындағы елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстап, Газа секторы мен жалпы Палестина аумағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста”, – делінген хабарламада.
Министрлік азаматтардың қауіпсіз шығуына жедел көмек көрсеткені үшін Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне алғысын білдірді.