Бұған дейін әуе компаниясы рейстердің 15 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын
фото: Пресс-служба АО "Самрук-Казына"
ERNUR.KZ. FlyArystan мен Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді уақытша тоқтату мерзімін тағы ұзартты, деп жазады sputnik.kz.
"Ақтау – Дубай – Ақтау" бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.
"Бұл шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданды", - деп хабарлады FlyArystan.
Айта кетейік, бұған дейін әуе компаниясы рейстердің 15 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
Сол сияқты Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылу мерзімін ұзартты.
"Парсы шығанағы аймағындағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға рейстерді 30 қыркүйекке дейін орындамайды. Қазан айында аталған бағыттар бойынша ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, рейстер жиілігі қысқартылды", - деп хабарлады Air Astana.
Жолаушылар билеттерін 20 қарашаға дейінгі рейстерге сол брондау класы бойынша тегін қайта рәсімдей алады, дейді әуе компанияларында.


