ЭЦҚ кілтін қайта алу кезінде қосымша тексеруден өту талап етіледі

0
79

Қабылданған шара пайдаланушылардың ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.


ЭЦҚ кілтін қайта алу кезінде қосымша тексеруден өту талап етіледі

Фото: uralskweek.kz

ERNUR.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жеке кабинетте ЭЦҚ кілтін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңін енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

Қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:

  1. SMS арқылы – Қазақстанның мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге бір реттік код жіберіліп, оны енгізу қажет болады;
  2. eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттағы кодты енгізу арқылы.

Айта кету керек, бұл механизм Қазақстан бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі елдің мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.