Әлемдік поп-музыка жұлдызы биыл қыркүйек айында ән кешін ұйымдастырады.
Фото: pepillamag.com
ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі испаниялық әнші Энрике Иглесиас биыл күзде Астана мен Алматыда жеке концертін өткізетін болды, деп жазады inbusiness.kz.
Ticketon мәліметінше, ән кеші 3 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында, ал 5 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
10 наурыз күні сағат 12:00-де концерт билеттерінің ашық сатылымы басталады.
Айта кетейік, осыған дейін әлемге танымал Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys тобы Астана мен Алматыда жеке концерттерін өткізген болатын.


