Енді мопед те «нөмір алады»: заңдастыру басталды

0
129


Енді мопед те «нөмір алады»: заңдастыру басталды

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Шымкентте электрлі мопедтерді заң талаптарына сәйкес тіркеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде қалада алғаш рет электрлі мопед ресми тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмірге ие болды.
“ Бұған дейін мұндай көлік түрлері көбіне тіркеусіз қолданылып келсе, енді олар да жол қозғалысының қатысушысы ретінде рәсімделуде. Алғаш болып тіркелген мопед иесі көлікті талапқа сәйкес рәсімдеп, тиісті құжаттарын заңдастырған. Бұл бастама жолдағы тәртіпті күшейтіп қана қоймай, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді “, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар тіркеу жүйесі электрлі мопедтердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Электрлі мопедті тіркеу үшін азаматтар арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, жеке куәлік, техникалық мәліметтер және басқа да қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Сондай-ақ көлік құралы техникалық тексеруден өткізіліп, мемлекеттік баж салығы төленеді.

Полиция электрлі мопед иелерін көлік құралдарын тіркеуге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.