Шетелдік жұмыс күші тек жергілікті мамандардың тапшылығы бар аймақтарға тартылады.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Вице-премьер-министр, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа көші-қон саясаты тұжырымдамасының 2030 жылға дейін қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп жазады stan.kz.
Шетелдік жұмыс күші тек жергілікті мамандардың тапшылығы бар аймақтарға тартылады. Сонымен қатар барлық мигрантты бақылау айтарлықтай күшейтіледі.
2026 жылдың қаңтарынан бастап шетелдіктерді (этникалық қазақтарды қоса алғанда) іріктеу үшін балл жүйесі енгізіледі. Бұған олардың мемлекеттік тілді білуі, цифрлық сауалнама жүргізу, сұхбат және қосымша тексерулер кіреді.
Мемлекеттік қолдау алғысы келетін этникалық қазақтар яғни қандастар үшін жаңа ережелер енгізіледі. Олар еңбек күші тапшылығы бар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударып, бес жылдық әлеуметтік келісімшартқа қол қоюы керек.
Егер оны қаламаса, тұрақты тұруға өз бетінше, квотасыз немесе үкіметтің қолдауынсыз өтініш береді. Бұл жағдайда адам кез келген аймақты таңдай алады.
Мерзімінен бұрын кетсе, барлық мемлекеттік қаржыландыруды қайтаруға мәжбүр болады.


