Енді әкімдіктер де полиция сияқты қазақстандықтарға айыппұл сала алады

0
98

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енді.


Енді әкімдіктер де полиция сияқты қазақстандықтарға айыппұл сала алады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. 2026 жылғы наурыз айынан бастап жергілікті әкімдіктер қоғамдық орындарды ластаған, инфрақұрылымға зиян келтірген азаматтарға полицияны күтпей-ақ айыппұл салып, әкімшілік жауапқа тарта алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратынша, биылдан бастап қалалар мен елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын бақылау күшейеді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер 2026 жылғы наурыз айында күшіне енеді.

«Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстың жергілікті атқарушы органдарына қоғамдық кеңістікті ластағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтыру құқығы беріледі. Бұрын бұл шараларды құқық қорғау органдары ғана қолдана алатын», - деп мәлімдеді министрлік.

Осылайша заңсыз қоқыс төккен, жасыл желекті бүлдірген немесе қала инфрақұрылымына зиян келтірген тұрғындарға әкімдіктер де айыппұл салады.

Ведомство мәліметінше, былтырдың өзінде осындай заңбұзушылықтар үшін 591 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5,2 миллиард теңгені құрады.