Елордадағы жедел жәрдем станциясында 850 млн теңге жымқырылған

0
79

Көрсетілген түлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн теңге сомасында аса ірі залал келтірілген.


Елордадағы жедел жәрдем станциясында 850 млн теңге жымқырылған

ERNUR.KZ. Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің департаментімен бірлесіп, 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті, деп жазады baq.kz.

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу фактілерін анықтады. Соның нәтижесінде жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған. Қазір «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді. 4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшылар мен станция директоры ұсталды, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Көрсетілген түлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн теңге сомасында аса ірі залал келтірілген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.