Сәтті билет иегері – небәрі 8 жастағы Мөлдір Сұлтан есімді жолаушы.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен тасымалданған бес миллионыншы жолаушыны елордадағы "Астана-1" теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәтті билет иегері – небәрі 8 жастағы Мөлдір Сұлтан есімді жолаушы. Ол анасымен бірге Алматыдан Астанаға №9/10 бағытындағы жолаушылар пойызымен сапар шеккен.
Айрықша оқиғаға орай ұйымдастырылған шара барысында Мөлдірге Ұлттық тасымалдаушы атынан естелік сыйлықтар табысталды. Жас жолаушыға жұмсақ ойыншық, планшет және сымсыз құлаққап сыйға берілді.
"Бұл сапар біз үшін ұмытылмас әсерге толы болды. Билеттің мерейтойлық екенін естіген сәтте таңданысымызда шек болмады. Бес миллионыншы жолаушы атанамын деп ойламаған едім. Ұйымдастырушыларға көрсеткен құрметі мен сыйлаған қуанышты сәттері үшін шын жүректен алғыс айтамыз", — деп әсерін жеткізді Мөлдірдің анасы.
Жалпы миллионыншы жолаушыны ерекше ілтипатпен қарсы алуды дәстүрге айналған.