Жаңа технологияның көмегімен дәрігерлер науқастың жағдайын оқиға орнында 2-3 минут ішінде тексере алады.
Фото: Павлодар облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
ERNUR.KZ. Павлодар облысында жедел жәрдем бригадалары портативті ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жабдықталды. Бұл – Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметіне УДЗ технологиясын енгізу бойынша алғашқы тәжірибе, деп жазады inform.kz.
- Үш аптада мамандар 900-ге жуық зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде ауыр преэклампсия, плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы және ішкі ағзалардың жарақаты сияқты шұғыл жағдайларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік туған, - дейді өңірлік жедел жәрдем станциясының басшысы Қанадан Ахметжанов.
Павлодарлық тәжірибе Денсаулық сақтау министрлігіне таныстырылған. Қазір бұл жобаны еліміздің басқа өңірлеріне тарату мәселесі қарастырылып жатыр.


