Жанжал қылмыстық іске ұласты: Алматыда әріптес қызды ұрды деген күдікпен спорт шебері ұсталды

0
269

Бойжеткеннің де әрекетіне құқықтық баға берілмек.


Жанжал қылмыстық іске ұласты: Алматыда әріптес қызды ұрды деген күдікпен спорт шебері ұсталды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Алматыда құрылыс дүкендерінің бірінде жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, деп жазады inbusiness.kz.

Қыз болған жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның сөзінше, спорт шебері атағы бар әріптесі оны соққыға жыққан.

"Спорт шебері атағы бар әріптесім мені ұрып-соқты. Екінші күн болды, арызымды әлі тіркей алмай жатыр. Соққы іздері басылғанша күтіп отыр, сараптамаға жібермейді. Миым шайқалған, көру қабілетім – минус 2", – деп жазды алматылық тұрғын.

Алматы қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, әріптестер арасында жанжал туындап, оның барысында ер адам әйелге күш қолданған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу барысында оқиғаның қосымша мән-жайын анықтауға мүмкіндік берген бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Атап айтқанда, әйелдің де әріптесіне соққы жасағаны тіркелді. Оның әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Полиция қылмыстық істі тіркемеді және сот-медициналық сараптама тағайындамады деген тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп мәлімдеді ведомство.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.