Еліміздегі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жабылатын болды

0
86

Орталықты жабу жұмысы алты айдан астам уақыт алуы мүмкін.


Еліміздегі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жабылатын болды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" жабылып, оның функциялары "Қазақфильм" киностудиясына берілетінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Министрліктің айтуынша, бұл қадам кино саласындағы жүйелі реформаның бөлігі және ол басқару жеңілдетіліп, шығындар азайып, ұлттық киностудияның беделін арттырады.

"Кино орталығын жабу мемлекеттік қолдаудан бас тартуды білдірмейді. Барлық негізгі функциялар мен киножобаларды қаржыландыру мен сүйемелдеу міндеттері сақталып, "Қазақфильмге" беріледі", – делінген хабарламада.

Орталықты жабу жұмысы алты айдан астам уақыт алуы мүмкін. Өйткені алдымен "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізу керек. Министрліктің айтуынша, 2025 жылы "Қазақфильм" Кино орталығының конкурсынан тыс қалады.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Қазақфильм" 2025 жылы киножобаларды жалпы қаржыландыру көлемінің кемінде 30%-ын тікелей мемлекеттік тапсырма арқылы алады. Осы жолмен 2025 жылы жеке кинокомпания қатысқан "Гипноз" фильмі дайындалып, биыл қаңтарда прокатқа шықты.

2024 жылдан бері "Қазақфильмге" "Қазақ киносының Алтын қоры" фильмдерін қалпына келтіру, шетелде Қазақстан кино күндерін ұйымдастыру және халықаралық халықаралық кино саласында елді таныстыру сияқты функциялар қайтарылды.

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" 2019 жылғы 15 наурызда құрылған және киножобаларды мемлекеттік қаржымен қолдаумен айналысқан.