Елімізде гидтерге талап күшейтілді

0
158

Мемлекет заңды жұмыс істейтін гидтердің арнайы электронды тізімін жасап министрлік пен "Kazakh Tourism" сайтында жариялайды.


Елімізде гидтерге талап күшейтілді

Фото: Данил Колесников

ERNUR.KZ. Енді кез келген адам өзін гидпін деп қызмет көрсете алмайды. Олар eLicense арқылы тіркеліп, ресми тізілімге енуі керек, деп жазады inbusiness.kz.

Саладағы өзгеріс заңсыз жүргендерді шектеп, гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің қызметін толық бақылауға алып, заңдастырады.

Бұл саяхатшыларға сенімді маманды оңай табуға көмектеседі. Жаңа талап бойынша гидтер туристерге маршруттың қауіп-қатерін алдын ала ескертуге міндетті. Ал қауіпті бағыттарда саяхатшы қауіпсіздік ережесімен танысқанын қағазға қол қойып растайды.

Төтенше жағдай бола қалса, гидтер бірден құтқарушылар мен туристің жақындарына хабар беруі керек.

Сонымен қатар гидтерді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Жаңа ереже туризм қызметінің сапасын арттырып, саяхатты қауіпсіз етуді көздейді.