Елімізде бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

0
80

Оқу-ағарту министрі білім саласындағы жаңашылдықтарды атады.


Елімізде бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы сала басшысы Жұлдыз Сүлейменова Атырау облысына жұмыс сапары барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министр жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін жеткізді.

Бұдан өзге, 5-7-сыныптарға Конституция негіздері, 8-9-сыныптарға Заң және тәртіп пәндерін енгізу, ал 10-11-сыныптарда Құқық негіздерін оқытуды міндеттеу жоспарланып отыр.

Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың білім деңгейін бағалау, сауатын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма, диктант жазу қайта енгізілетінін де айтты.