Экс-банкир Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден ерте босады

0
95

​Ол 11 жыл жазасының 5 жылын өтеген.


Экс-банкир Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден ерте босады

Фото: yertayev.zhomart

ERNUR.KZ. 2020 жылы «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден босады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл ақпаратты Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

«Бұл адам сот үкіміне сай қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген. Соттың шешімімен ол рақымшылыққа ілініп, босап шықты», - деп растады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Дереккөз қандай да бір сотталған адамның рақымшылыққа іліну-ілінбеуін сот шешеді дегенді алға тартып отыр.

«Бұдан өзге айтарымыз, рақымшылыққа ілінген бұл адам пробация қызметінің есебіне алынды», - деп хабарлайды ҚАЖК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдағы ең резонансты істердің бірі банкир Жомарт Ертаев пен тағы 35 адамның жемқорлыққа қатысты ісі еді. Жомарт Ертаев «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған.