Екібастұзда ірі электр станциясы салынады

0
81

Екібастұз МАЭС-3 жылына шамамен 20 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірмек.


Екібастұзда ірі электр станциясы салынады

фото: Акимат Павлодарской области

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі Екібастұздағы екінші мемлекеттік аудандық электр станциясын (МАЭС-2) кеңейтуді жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.
Бұл нысанның белгіленген қуатын 1 ГВт-тан 2,1 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "таза көмір" заманауи технологияларын қолдана отырып, қуаты 2,64 ГВт болатын жаңа Екібастұз МАЭС-3 станциясын салу және Ақсу ГРЭС-ін жаңғырту жоспарланған.
"Генерацияның мұндай ауқымды дамуы шикізат базасын озық қарқынмен кеңейтуді талап етеді. Бұл бағытта Қазақстандағы бүкіл көмір өндірісінің 38%-ын қамтамасыз етіп отырған "Богатырь Көмір" ЖШС басты орынға ие. Теңгерімдік қоры 2,4 млрд тоннаны құрайтын кәсіпорын өндірістік көрсеткіштерді кезең-кезеңімен арттыруды көздеп отыр: өндіріс көлемі 2024 жылғы 42,7 млн тоннадан 2026 жылға қарай 45,2 млн тоннаға дейін өсіп, 2032 жылға қарай жыл сайынғы 56,5 млн тонналық ұзақ мерзімді межеге шығады деп жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2026–2032 жылдар аралығында көлемі 360 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық бағдарлама қарастырылған. Қаражат күрделі құрылысқа, соның ішінде "Северный" қимасында жоғары тиімді циклдік-ағындық технологияны енгізуге және жаңа үйінділерді жабдықтауға бағытталады.
"Сонымен қатар қаражаттың едәуір бөлігі тау-кен көлік жабдықтары паркін жүйелі түрде жаңартуға, сондай-ақ қолданыстағы қуаттарды реконструкциялау мен күрделі жөндеуге жұмсалады", - деп атап өтті министрлік.
Бұл Қазақстанның энергетика секторының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін өтеу үшін көмір жеткізу тұрақтылығына кепілдік береді.