Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болды.
Фото: Павлодар облысы ПД
ERNUR.KZ. Екібастұз полицейлері 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған адамды құтқарып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болды. Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері патрульдеу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, қаланың М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқады.
Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты.
Тәртіп сақшылары оны ұстап, қауіпсіз жерге шығарды. Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.