Ауылға жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 25 млрд теңге қарастырылып отыр.
фото: Sputnik / Айдана Дайырова
ERNUR.KZ. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді, деп жазады sputnik.kz.
Экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жалғастырады.
"AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство бұл қаржы шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.