Депутат балаларын туыстарына тастап, шетелге қара жұмысқа кеткендерді ата-ана құқығынан айыруды ұсынды

0
64

​Елде 750 бала жақындарының қамқорлығында.


Депутат балаларын туыстарына тастап, шетелге қара жұмысқа кеткендерді ата-ана құқығынан айыруды ұсынды

фото: iStockphoto

ERNUR.KZ. Қырғыз депутаты шетелде жұмыс істеу үшін балаларын туыстарының қарауына тастап кететін азаматтарды ата-ана құқығынан айыруды ұсынды. Жогорку Кенеш депутаты Гуля Кожокулованың айтуынша, миграция салдары тек ересектерге ғана емес, балаларға да әсер етіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресми деректерге сәйкес, елде қамқорлыққа берілген 750 баланың көбісін жақын туыстары бағып отыр.

Депутат зорлық-зомбылыққа ұшыраған мигранттардың балалары дәл осы туыстарынан қорлық көріп отырған жағдайлар көп. Олар жасырын қалып жатады. Мұның бәрі кішкентай балалардың психикасы мен денсаулығы бұзылып, болашағына кері әсер етіп жатыр.

Гуля Кожокулова өз баласын туыстарына қалдырып кеткен мигранттардың жауапкершік мәселесі қалай шешілетінін прокуратурадан сұрады. Бас прокуратураның орынбасарының айтуынша, мәселені әлеуметтік қорғау органдары қарастырады, бірақ прокуратура тарапынан да бақылау жүргізіледі.