Дәрігерлер баланың басынан 5 жыл бұрын қадалған бұтақты алып шықты

0
95

Бес жыл бұрын бала ағаштың бұтағына құлап, жарақат алған.


Дәрігерлер баланың басынан 5 жыл бұрын қадалған бұтақты алып шықты

ERNUR.KZ. Павлодарда дәрігерлер баланың басынан бес жыл бұрын кіріп кеткен бұтақты алып шықты, деп жазады baq.kz.

Бес жыл бұрын бала ағаштың бұтағына құлап, жарақат алған. Сол кезде аудандық аурухананың дәрігерлері оның жарасын емдеп, жыртылған терісін тігіп берген.

Белгілі болғандай, ауруханаға 2015 жылы туған баланы анасы алып келген.

Анасының айтуынша, жарасы ұзақ уақыт бойы жазылмай, қабынып жүрген. Кейін дәрігерлер бөгде затты алып тастау үшін қайта хирургиялық ота жасаған. Осыдан кейін жарақат ұмытылғандай болып, бала мазаланбаған.

Бірақ соңғы 2–3 айда баланың самай тұсында қайтадан ісік пайда болған.

Павлодарда олар тұрғылықты жері бойынша хирургке жүгінді. Жұмсақ тіндерге УДЗ жасалды, нәтижесінде кальцинат (кальций тұздарының жиналуына байланысты тығыздалған аймақ) анықталды. Содан кейін бала нейрохирургтің қарауына жіберілді. Травмпунктте нейрохирург тексерген соң, жедел түрде операция жасау үшін ауруханаға жатқызу ұсынылды. Балаға барлық қажетті талдаулар жасалып, бас миының КТ-сы өткізілді. Сол кезде баланың басында бөгде зат бар екені анықталды», – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Балаға ота жасалып, бұтақтың бір бөлігі алынды. Қазір оның жағдайы жақсы. Жақын арада ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Бұл жағдай ескі жараның өзі қашан және қалай қайта сыр беруі мүмкін екенін ешқашан нақты болжау мүмкін еместігін еске салады. Сондықтан баланың жағдайын үнемі бақылап, тіпті көп жыл өтсе де, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды, – деп атап өтті ауруханада.